Қытай компаниясы Өзбекстанда жасанды терісін өндіруді қолға алмақ

    Өнеркәсіп 23 Yanvar 2024 1029

    «Узчармсаноат» бірлестігінің делегациясы ҚХР-ға жұмыс сапары аясында Цзиньцзян халықаралық аяқ киім және тоқымашылық қалашығында Цзиньцзян аяқ киім жабдықтары палатасының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

    Диалог тақырыбы мамандандырылған өнеркәсіп аймақтарын дамыту және жобаларды орналастыруда Қытай тәжірибесін зерделеу, Өзбекстанға Қытай компанияларынан инвестиция тарту мәселесі болды.

    Цзиньцзян халықаралық аяқ киім және тоқымашылық қалашығы аталмыш аумақтағы өндіріс кәсіпорындарының өнімдерін тұрақты түрде шетелдік серіктестерге ұсынатын шоу-румдар, дизайн орталықтары, сауда дүкендерінен құралған үлкен кешен саналады.

    Өнеркәсіптік қалашықпен танысу барысында Өзбекстанда құрылған мамандандырылған өнеркәсіптік аймақтарды одан әрі дамыту, жобаларды орналастыру бойынша өзара тәжірибе алмасылды.

    Кездесу барысында Қытай компаниясы жасанды тері өндіру бойынша инвестициялық жобаны Өзбекстанда бастау туралы бастамасын білдірді. Компания басшысының айтуынша, Өзбекстан үкіметі тарапынан шетелдік инвесторларға жасалған мүмкіндіктер, жеңілдіктер мен преференциялар бұған себеп болған.

    Сонымен қатар, жергілікті кәсіпорындармен апрель айында Цзиньцзян қаласында өтетін халықаралық аяқ киім көрмесінде тікелей кездесіп, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға үлкен қызығушылық білдірді, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates