Миллиардерлер санының артуы қор базарының өсуі және жасанды интеллекттің дамуымен байланысты.
Hurun Group-тың 5 наурыз күні жарияланған жылдық есебіне орай, Қытайда әлем бойынша 4020 миллиардердің 1110-ы бар, бұл бір жыл ішінде 287 адамға көбейген. Бұл елдің соңғы үш жылдағы жоғалтуларын өтеп, 1000 миллиардері бар АҚШ-ты және 308 миллиардері бар Үндістанды басып озуына мүмкіндік берді.
Технологиялардың, әсіресе жасанды интеллекттің дамуы жаңа байлық көзіне айналды. Жаңа қытайлық миллиардерлердің арасында 3,6 миллиард доллар таза байлығы бар MiniMax компаниясынан Янь Цзюньцзе және 1,2 миллиард доллар байлығы бар Knowledge Atlas Technology JSC (Zhipu) компаниясынан Лю Дебин бар. Әлем бойынша жалпы 114 миллиардер жасанды интеллектке байланысты компанияларда жұмыс істейді, олардың 46-сы рейтингке алғаш рет енді.
Hurun Group тізіміндегі үздік үштікке Илон Маск (792 миллиард доллар), Жефф Безос (300 миллиард доллар) және Ларри Пейдж (281 миллиард доллар) кірді. Маск таза байлығы 700 миллиард доллардан асқан алғашқы адамға айналды.
Қалалар арасында Нью-Йорк 146 адаммен миллиардерлер саны бойынша әлемде көш бастап тұр. Одан кейін Шэньчжэнь (132), Шанхай, Пекин және Лондон тұр. Әлем бойынша миллиардерлердің орташа жасы 65 жасты құрайды, деп хабарлады inform.kz.