Қытайлық инвесторлар Ферғанға бес жұлдызды қонақүй салуды жоспарлауда

    Инвесторлар 14 қабаттан кем емес 200 орынды, бес жұлдызды қонақүй, сондай-ақ заманалық сауда орталығын салуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

    Ферғана облысының әкімі Хайрулло Бозоров Қытай Халық Республикасының “Shuncheng Investment Group” компаниясының басшысы Хунг Чи Йим басшылығындағы бір топ қытайлық инвесторларды қабылдады. Қабылдауға ризашылықтарын білдірген инвесторлар Ферғанадан қонақүй салғылары келетінін айтты.

    Облыс басшысы Ферғана туристер сапары бойынша республикада екінші орында тұрғанын айта келе, қонақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Ферғана қаласындағы Сайлгох және Әл-Фарғони көшелері қиылысқан аумақта, бұрынғы Амыитеатр орнында өз бренді бар бес жұлдызды қонақүй салу жобасы қолға алынып жатқанын жеткізді.

    Қытайлық инвестор Хунг Чи Йим қала орталығында жан-жақты ыңғайлы орналасқан бұл жобаға үлкен қызығушылық танытты. Бұл жерде жоба құны 10 миллион доллар болған 14 қабаттан кем болмаған 200 орынды, бес жұлдызды қонақүй мен заманауи сауда орталығын салуға дайын екендіктерін жариялады.

    Белгіленген тәртіпте тұжырымдама әзірленіп, үдерістердің тезірек жүзеге асуы керектігін атап өткен облыс әкімі, инвесторларды Ферғанада 300 гектар жерге салынып жатқан жаңа Экоқала жобасына қатысуға инвесторларды шақырды. Алдағы уақытта осы бағытта да ынтымақтасуға келісті.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates