Қытайдың Жинхуа станциясынан Өзбекстанға контейнерлік блок пойызының қозғалысы ұйымдастырылды

    "Ўзтемирйўлконтейнер" АҚ Қытайдың шығыс бөлігінде орналасқан Жинхуа станциясынан Өзбекстанның Назарбек станциясына дейінгі алғашқы контейнерлік блок пойызының қозғалысын жүзеге асырды.

    Бұл туралы Транспорт министрлігі хабарлады.

    Бұл контейнерлік блок пойызы Қазақстанның Алтынкөл станциясы арқылы Назарбек станциясына жеткені, 40 футтық 50 контейнерден тұратын блок пойыз 12 күнде жалпы 6250 шақырым жол жүргені айтып өтілді.

    Өз ішіне жиналғыш жүктер мен өндіріске арналған құрылғыларды қамтыған контейнерлер «Назарбек» станциясынан "Ўзбекистон темир йўллари" АҚ-на тиесілі фитингтік платформаларда экспресс контейнер блок пойыздарына жүктеліп Үргеніш станциясына жеткізілуі жоспарланған.

    Айта кетерлігі, бұл тамысалдаулар Назарбек-Үргеніш бағытында ішкі тасымалдаудың алғашқы экспресс пойызы болып табылады, делінген хабарламада.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates