Хиуада «Лазги» халықаралық фестивалі басталды

    Мәдениет 27 Aprel 2022 3663

    26 апрельде Хиуа қаласында «Лазги» халықаралық фестивалі басталды. Фестивальдің ашылу «Ичан қалъадағы» Көне Арк алаңында өтті. Оған түрлі мекеме басшылары, шетелдік саяхатшылар және қалың жұртшылық қатысты.

    Шараны ЮНЕСКО-ның Өзбекстандағы өкілеттігі, Туризм және мәдени мұра министрлігі, Мәдениет министрлігі және Хорезм облысының әкімшілігінің ынтымақтастығында ұйымдастырылды.

    Фестивальді Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Абдужаббор Абдувахидов ашып, мемлекет басшысының құттықтауын оқып берді.

    Фестиваль аясында өткізілетін байқауда 18 елден 169 адам қатысады деп күтілуде. Байқауға 6 кәсіпқой мамандардан құралған қазылар алқасы төрелік етеді, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    «Өзбек би өнерінің әлем би өнеріндегі орны» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция да материалдық емес мәдени мұраларымызды сақтауда маңызы зор.

    Шара 30 апрельге дейін жалғасады.