Отырыста кейінгі жылдары өңірде бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы бірқатар салаларда оң нәтижелерге қол жеткізілгені атап өтілді. Өнеркәсіп көлемі 2016 жылғы 2,8 триллион сумнан 34,3 триллион сумға дейін өскен. Ал, жалпы өңірлік өнім 63 триллион сумды құраған. Өткен жылы облысқа 1 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған.

Сонымен қатар қол жеткізілген көрсеткіштер өңір әлеуетіне толық сәйкес келмейтіні айтылды. Әсіресе бірегей тарихи және мәдени мұраға ие аймақта туризм саласында туристердің орташа болу мерзімі 1–2 күнмен шектеліп отырғаны сынға алынды.

Облыста 1 миллионнан астам жас ұрпақ өмір сүреді. Жыл сайын 35 мың жас еңбек нарығына келеді. Олардың білім алуы, заманауи кәсіп меңгеруі және жұмыспен қамтылуы өңір басшылығының тұрақты назарында болуы тиіс екені айтылды. Жас ұрпақты Жалаладдин Мәңгіберді, Бируни, әл-Хорезми және Аз-Замахшари сынды ұлы тұлғаларға лайық етіп тәрбиелеу үшін жаңа жүйелі тәсілдер әзірлеу міндеті жүктелді.

Халықтың 67 пайызы ауылдық жерлерде тұратынын ескере отырып, дәл осы ауылдарда қосымша табыс көздерін құру арқылы жұмыссыздық пен кедейлікті азайтудың маңызды атап өтілді.

Соған орай облыстағы бірнеше аудандағы 135 махаллада мал шаруашылығына маманданған асыл тұқымды мал басын көбейту, «Үргеніш», «Хонқа», «Қушкупір» және «Шавот» аудандарында махаллаларды құрылыс материалдары, тоқыма, қолөнер және жиһаз өндірісі бағыттарына бейімдеу, сондай-ақ өңірде 6 өнеркәсіп және қызмет көрсету микроорталығын құру арқылы кемінде 10 мың адамды әлеуметтік тұрғыдан жағдайын жақсарту мүмкіндігі бар екені айтылды.

Өткен жылы өңірге келген шетелдік және жергілікті туристер саны 12,5 миллион адамға жеткен. Алайда қызмет көрсету көлемі мен сапасы, жаңа туристік маршруттар ұйымдастыру және саяхат нысандарын мазмұндық тұрғыдан байыту жұмыстары көңіл көншітпей тұрғаны атап өтілді.

Хиуа қаласында, сондай-ақ «Бағат» және «Хиуа» аудандарындағы туризм махаллаларында қызмет көрсету нысандарын салу, 59 махаллада орналасқан әсіресе адамдар көптеп шоғырланатын 14 көше бойынша мастер-жоспар әзірлеп, кәсіпкерлерге ұсыну міндеті жүктелді.

Сонымен қатар, өңірдегі 10,8 гектар аумақта орналасқан Сулеймен қамалы кешенін жаңа туристік нысан ретінде кешенді дамыту бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Бұдан бөлек, Үргеніш қаласы арқылы өтетін Шават каналы бойында туризм және қызмет көрсету нысандарын, сондай-ақ ойын-сауық орталықтарын ұйымдастыру бойынша мастер-жоспар әзірленетін болады.

Жиында инвестиция мен экспортты арттыру облыстың басым міндеттердің бірі ретінде атап өтілді және өңірдегі қалалардың әлеуетін тиімді пайдалана отырып, ірі өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру қажеттігі айтылды.

Питнак қаласындағы автомобиль зауытының қуатын арттыру, жергіліктендіру деңгейін 62 пайызға жеткізу арқылы тұтас машина жасау кластерін қалыптастыру мүмкіндігі бар екені атап өтілді. Сондай-ақ Ҳазораспта химия, тоқыма және азық-түлік, ал Шовотта жиһаз және тоқыма бағыттарында жаңа жобалар іске асырылатыны белгілі болды.

Облыс қалалары мен аудандарын заманауи келбетке келтіру, жол және су инфрақұрылымын жақсарту үшін 1 миллиард 600 миллион доллар бөлінетіні айтылды.

Жалпы, биыл шетелдік инвестиция айтарлықтай арттыру көздеіп, оның көлемін 2 миллиард долларлық межеден асыру, ал экспортты 510 миллион долларлық деңгейлі өсімге қол жеткізу міндеті жүктелді. Осы арқылы жалпы өңірлік өнімді 8,4 пайызға, өнеркәсіпті 9 пайызға, қызмет көрсету саласын 16,2 пайызға, ауыл шаруашылығын 5,7 пайызға арттыру көзделіп отыр.

Өткен жылы Хорезм облысында кедейлік деңгейі 11,9 пайыздан 6,7 пайызға дейін төмендеп, республика бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген. Алайда кедейлік деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен әлі де жоғары екені айтылды. Осыған байланысты жыл соңына дейін жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін кемінде 3 пайызға дейін қысқарту басты атқарылар жұмыстың бірі болды.

Әсіресе өңірдегі бірнеше қаланы әлеуметтік тұрғыдан жағдайын жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру тапсырылды.

Жиын соңында жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктелді.

Атап айтқанда, «Гурлан» ауданындағы 158 шақырым каналды қайта жаңғырту, кәсіпкерлік жобаларға 81 миллион доллар бөлу, 270 сорғы агрегатын энергия үнемдейтін жабдықтарға ауыстыру, Өзбекстан–Түркіменстан шекара маңындағы сауда аймағының қызметін қаржыландыру, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды жөндеуге 100 миллиард сум бағыттау бойынша тапсырма берілді.

Мемлекет басшысы жауапты тұлғалар алдына атқарылатын жұмыстарды халық өміріне нақты өзгеріс әкелетін, нәтижеге бағытталған түрде ұйымдастыру, әрбір аудан мен махаллада мақсатты тәсілді қамтамасыз етуді тапсырды.