Хабарланғандай, Boeing 787 ұшағының экипажы борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауына байланысты балама аэродромға қонуға шешім қабылдады.

Ұшақ Ташкент уақытымен 03:40-та Самарқантқа қонды. Жолаушы 1959 жылы туған Франция азаматы болған, оған жедел медициналық көмек көрсетілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жүрек талмасы болуы мүмкін.

Жолаушы мен тағы екі жолаушы әрі қарай тексеру және емдеу үшін медицина қызметкерлеріне жіберілді.

Қажетті  іс шаралары аяқталғаннан кейін ұшу жалғасты. Сағат 05:11-де Түрік әуе жолдарының ұшағы Истамбұлға аттанды.