Әйелдер мәселесін қағаз жүзінде емес, іс жүзінде шешу керек

    Ел назарында 22 Aprel 2022 1029

    Күні кеше Ташкент облысы әкімдігінің мәжіліс залында Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева мен облыс әкімінің міндетін атқарушы Зойир Мирзаевтың қатысуымен жиналыс өтті.

    Оған тиісті басқармалар мен ұйымдардың өкілдері, жүйенің жауаптылары қатысты. Сұхбат барысында әйелдер проблемаларын жүйелі шешу, үлгілі жанұялардың кәсіпкерлікпен шұғылданған істерін кеңінен насихаттау, отбасылық жағдайға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтай алмаған әйелдерге іс жүзіндік көмек көрсету бойынша бірқатар міндеттер белгіленді.

    Жиналыс барысында облыста әйелдерге жасалып жатқан мүмкіндіктер мен жағдайлар, әйелдерді қолдап-қуаттауда атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.

    Жауаптылардың айтуынша, облыста жүргізілген үйренулердің нәтижесінде 400-ден астам отбасының балалары мектепке немесе балабақшаға бара алмай, оқуын оқымай жатқаны анықталған. Өз кезегінде, жағдайды шешу үшін шұғыл шаралар қарастырылып, аталған отбасыларға көмек берілген.

    Атап айтқанда, әлеуметтік көмекке мұқтаж әйелдерді анықтау, оларды кәсіпке, кәсіпкерлікке бағыттау, әлеуметтік-саяси өмірдегі рөлі мен белсенділігін арттыру, кейуана әйелдердің тәжірибесін пайдалану жақсы нәтиже беретінін айтты.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates