Әйелдер кәсіпкерлігіне 100 миллион доллар көлемінде жеңілдетілген несие беріледі

    Қаржы 18 Mart 2024 1719

    2024 жылғы 7 мартта Өзбекстан Республикасы Президенті тарапынан «Әйелдер кәсiпкерлiгiн жолға қою мен дамытуды қолдап-қуаттауға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» ПҚ-122-санды қаулысына қол қойылды.

    Әйелдерді кәсіпке оқыту мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, оларды кәсіпкерлікке кеңінен жұмылдыру мақсатында Тіктелу және даму қоры есебінен 2 жылдық жеңілдікпен 5 жыл мерзімге 14 пайыз ставкада жалпы сомасы 100 миллион долларға тең эквивалентте несие ресурстары бөлінеді, мұнда:

    «Халқ банкіне» 35 миллион доллар;

    «Бизнесті дамыту банкіне» 35 миллион доллар;

    “Микрокредитбанкке” 30 миллион доллар бөлінеді.

    Сауда-өнеркәсіп палатасы мен үш банкте мыналарды көздеп, әйелдер кәсіпкерлігін қолдап-қуаттау жүйесі жаратылады:

    бастамашыл әйелдердің бизнес-жобаларын әзірлеуге көмектесу;

    махаллаларда әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту;

    әйелдер жасаған бұйымдарды сату;

    кооперация негізінде жобаларды жүзеге асыруға көмектесу;

    жобалардың жүзеге асырылуын бақылау және кәсіпкер әйелдермен үнемі байланыста болу.

    Сондай-ақ, табыс табуға бағытталған белгілі бір еңбек қызметімен шұғылдану және қызмет түрін кеңейтуге ниет білдірген әйелдерді қолдап-қуаттау Бағдарламасы әзірленетін болады.

    Несие бөлу кезінде «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай реестрі» ақпарат жүйесіне, «Әйелдер дәптері», және «Жастар дәптері» және «Темір дәптеріне» енгізілген әйелдер тарапынан жүзеге асыруға ұсынылған жобаларға беріледі.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2024 жылғы 9 мартында күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates