Тағы 10 ескі жедел жәрдем көлігі жаңасына ауыстырылды

    Денсаулық 15 Mart 2023 1666

    Сырдария облысында тағы 10 «Дамас» және басқа да ескірген жедел жәрдем көліктері жаңа, заманауи автотранспорттарға ауыстырылды.

    Бұл медициналық бригадалардың шақыруларға кешігу жағдайларын айтарлықтай азайтуға көмектеседі.

    Жақында облыстың 8 аумағындағы «Даммас» және басқа да ескірген жедел медициналық жәрдем көліктері А санатты «Wolkswagen Caddy» маркалы заманалық жедел жәрдем көліктеріне ауыстырылып, күні кеше 10 жедел жәрдем медициналық кбөлімдеріндегі ескі автомашиналар жаңа заманалық «Wolkswagen Caddy» маркалы жедел медициналық көлікке ауыстырылды.

    Жаңадан қабылданған 10 жедел медииналық жәрдем көлігінің арқасында Сырдария облыстық жедел жәрдем жүйесіндегі ««Wolkswagen Caddy» маркалы жедел жәрдем көліктерінің саны 23-ке жетті.

    — 2024 жылдың соңына дейін, осы үлгідегі тағы 57 көлік Сырдария облысына әкелініп, «Дамас» және басқа да ескірген жедел жәрдем көліктерінің орнына жұмыс істей бастайды», — дейді Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының Сырдария филиалының директоры Ойбек Усманов. — Әрине, медициналық көліктердің жаңартылуы жедел жәрдем бригадаларының жұмысын одан әрі жақсартуға, шақыртуларды уақытында орындауға, ауыр халдегі науқастарға дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

    Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.