Жаңадан құрылатын нысандарда газ және электр жерлілері жер сілкінісі кезінде автоматты түрде жабылады

    2024 жылғы 17 апрелінде Өзбекстан Республикасы Президент тарапынан «Ғимараттар мен нысандардың жер сілкінісіне төзімділігін арттыру және сейсмикалық қауіпті мониторинг жасау қызметін жетілдіру іс-шаралары туралы» қаулыға қол қойылды.

    Бұл құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 майдан бастап әрбір аумақта күшті жер сілкінісі кезінде халықты құтқару жұмыстарына тарту үшін еріктілердің жасақтары құрылады.

    2024 жылдың 1 июнінен бастап:

    - 8 және одан жоғары баллдық сейсмикалық белсенді аймақтарда жаңа құрылыс жоспарланған 5 қабаттан жоғары медициналық нысандар мен 9 қабаттан жоғары ғимараттар белсенді сейсмикалық қорғаныс құралдарымен, сонымен қатар, сейсмоизоляция және демпфер қондырғылармен жобаланады;

    - жаңадан құрылысы жоспарланған қауіпті факторы III-IV санатта болған нысандарда газ және электр желілерін күшті жер сілкінісі кезінде автоматты блоктау жүйесімен жобаланады;

    - жақын арада күшті жер сілкінісі қаупі бар аймақтарды анықтау тәжірибесі жолға қойылады.

    2024 жылдың 1 июліне дейін техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп танылған қолданыстағы ғимараттар мен кешендерді “компенсационды инъекция технологиясы арқылы күшейту және деформацияны бұрынғы жағдайына қайтару”әдісі арқылы қайта тіктеу істері эксперимент ретінде жүзеге асырылады.

    2024 жылдың 1 июлінен бастап МСК-64 шкаласы бойынша 5 және одан жоғары баллдық жер сілкінісі болғанда ғимарат пен нысандардың жағдайы бойынша жүк көтергіш конструкцияларды автоматты мониторинг жасау қондырғыларынан алынған ақпарат жедел талдау жүргізілетін болады, деп хабарлайды «Norma».

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates