Құжатпен Импорт кедендік алымдарының (немесе баж) ставкаларына (Президентінің 29.06.2018 жылғы  ПҚ-3818-санды қаулысына 1-қосымша) өзгертулер мен қосымшалар енгізілді.

Осылайша, 2022 жылдың 22 февралінен бастап Өзбекстанның кедендік шекарасынан алып өту кезінде өндірілгеніне бір жылдан астаған жаңа көліктер үшін кедендік баж салығы екі есеге төмендетілді. 2023 жылдың 1 январынан бастап двигатель көлеміне (текше см) есептелетін кедендік алымның ставкасы ставканың төмендетілген сомасына салыстырғанда 17-50%-ға төмендетіледі.

Барлық басқа жаңа транспорт құралдары үшін кедендік алым ставкалары өзгеріссіз қалдырылуда. Республиканың кеден шекарасынан алып өту кезінде өндірілгеніне 1 жылдан 3 жылға дейінгі транспорт құралдары солардың қатарына енеді.

Мысалы, Renault KWID MT5 / 0,8L (двигатель көлемі - 800 текше см) орташа құны $ 7 000 болғанда:

  • ағымдағы баж ставкасында (30% + 1,8 см3) $3 540 долларға тең болады;
  • 2022 жылдың 22 февралінен бастап баж ставкасында (15% + 0,8 см3) $1 690 тең болады;
  • 01.01.2023 жылдан бастап баж ставкасында (15% + 0,4 см3) $1370 долларға тең болады.
  • Нәтижесінде, кедендік және басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, Renault KWID MT5 / 0.8L автомобильдің құны шамамен:
  • қолданыстағы ставкада бағам бойынша – $12 893;
  • 2022 жылғы 22 февральдан бастап – $10 765 (-16,5%);
  • 01.01.2023 жылдан бастап – $10 398 (-19,4%) құрайды.