Суреттерді түсірген Фурқат Тошматов

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің себебі  «Гүлстан» медициналық кластерінің гемодиализ және нефрология бөлімінде емделген  және  емдомдарды алған азаматтардың саны 3 182-ден асты.

Өкінішке орай, қант диабеті, созылмалы гломерулонефрит және пиелонефрит, бүйрек  поликистозы  нефрологиялық ауруларды тудырады.

Бұл бағытта Сырдарияда бірқатар жұмыстар атқарылды. Созылмалы бүйрек ауруы және бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды есепке алу үшін бірыңғай электронды реестр енгізілді. Бұл Сырдариядағы нефрологиялық ауруларды емдеуде және қалпына келтіруде маңызды рөл атқарды.

Сонымен қатар, тұрғындардың орналасуы, аурудың таралу аймағы анықталды. Гүлстан медициналық кластеріндегі нефрология және гемодиализ кафедрасының мүмкіндіктері қорытындыланды. Облысқа  дәл осындай дертке шалдыққан науқастарды емдеуге қолайлы тағы басқа бір бөлім керек болды.  Жаңа бөлімді ашу, оны іске қосудың өзі болмайды . Бұл бірінші кезекте қыруар қаржыны қажет етеді. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігі мен облыс әкімдігінің көмегімен шешілетін болды.

Осыған орай, Ховос, Баявут, Сардоба және Ақалтын аудандарында  және Ширин, Жаңажерде жасап жатқан тұрғындардың  денсаулығын тіктеу, емдеу мақсатында Жаңажер қалалық медициналық бірлестігі базасында нефрология және гемодиализ бөлімін құру жұмыстарын бастап жіберілді.

Жаңажерде 20 орынды, соның 10 орны  стационарлық нефрология  және 10 төсектік амбулаторлық гемодиализ бөлімдері толықтай жөндеуден өтіп, бүгінде пайдалануға берілді.

– Осы бөлімнің жөндеу жұмыстарына 950 млн сум, 10 жасанды бүйрек (гемодиализ) аппараты, қуаты  10 гемодиализ аппаратына лайықты 1 су тазарту станциясы, 1 дана  100 литрлік араластырғыш, тағы басқа да медициналық құрал-жабдықтар сатып алынып, орнатылды. Оған 1 миллион 230 мың еуро, жиһаз және жұмсақ  бұйымдар үшін 170 миллион сум көлеміде қаржылар бағытталды, — дейді Жаңажер қалалық медициналық бірлестігінің бас дәрігері Анвар Уролов.

Аталмыш бөлімнің ашылуына арналған шараға  Мемлекеттік медициналық сақтандыру қорының атқарушы директоры Фаррух Шарипов, Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Юлдашев, Сырдария облыстық  денсаулық сақтау басқармасының жүйесіндегі емдеу профилактикалық  мекемелерінің бас дәрігерлері мен басшылары және Жаңажер қалалық әкімдігінің өкілдері қатысты.

Ең алдымен олар, гемодиализ бөлімінің мүмкіндіктерімен танысып, осы бөлімде емделіп жатқан науқастармен әңгімелесті. Одан кейін нефрология бөлімін аралап, жаңадан қабылданған медицина қызметкерлеріне өз кеңестері мен ұсыныстарын айтты.

– Білесіз бе, бұл саланы дамытуда кадр мәселесі өте маңызды рөл атқарады, – дейді нефрология және гемодиализ бөлімінің меңгерушісі, нефролог Рустам Тоштемиров. – 5 нефролог, 30-дан астам медбике, 5 техник Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен нефрология және гемодиализ саласы бойынша біліктіліктерін арттырып келді. Бұл біздің осы бағыттағы жұмысымызды дұрыс жолға қоюда, бүйрек және бүйрек жеткіліксіздігі бар, гемодиализге мұқтаж науқастарды емдеуде ауадай қажет.

Қазір Жаңажер қаласында жұмыс істеп тұрған гемодиализ бөлімі бір мезетте 10 науқасқа ғана емес, жыл барысында 300 мың созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын  науқасқа медициналық көмек көрсетіп, созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын науқастардың дертінен айығуына мүмкіндік береді.

 

Ғулом Примов,

Сырдария облыстық

Денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз хатшысы.