Янгиер қаласында жоғары технологиялық ота жасалды

    Денсаулық 28 Aprel 2022 1417

    Сырдария облысының Янгиер қаласында алғаш рет жоғары технологиялық ота жасалды.

    Бұл күрделі отаны Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының Сырдария облыстық филиалы мен Янгиер қалалық медициналық бірлестігінің медицина қызметкерлері қалалық медицина бірлестігінің хирургиялық, жедел жәрдем және гинекология бөлімдерінде жүзеге асырды.

    7 науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия, 1 науқасқа ринодакриоцистостомия, тағы бір науқасқа сол жақ нефрэктомия, 2 науқасқа липосакция, 5 науқасқа оң жақ аналық безге кистэктомия және 1 науқасқа симптоматикалық жатыр миомасына байланысты нәтижелі ота жасалды.

    • Бұрын мұндай оталар астана мен облыс орталығындағы емдеу мекемелерінде жасалатын еді,— дейді Янгиер қалалық медициналық бірлестігінің бас дәрігері Анвар Уролов. – Қазір қала халқы осы түрдегі аурулар үшін ем іздеп, уақыт пен қаражатты босқа өткізіп, астана мен облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Бұл жоғары технологиялық хирургиялық операцияны «Шеберлік сабағы» негізінде Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығы Сырдария филиалының хирургия бөлімінің білікті хирургтары мен қалалық медицина бірлестігінің хирургтары, операциялық медбикелер мен анестезиологтары жасады. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы жақсы. Ешқандай шағым түскен жоқ.

    Тағы бір маңызды жайт, осы жерде жасалған жоғары технологиялық хирургиялық практикалық себеп янгиерлік мамандар өз білімі мен тәжірибесін арттырды.

    Сондай-ақ, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының Сырдария филиалының хирургтары келесі күні, яғни операциядан кейін науқастарды бақылауды ұйымдастырды. Науқастардың жағдайына қарап, олар жергілікті дәрігерлерге тиісті медициналық кеңестер мен нұсқаулар да берілді.

    Ғулом Примов,

    Сырдария облысы

    Денсаулық сақтау басқармасы.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates