Жаңарған Нурабадтағы үлкен өзгерістерді халықтың әл-ауқатынан көруге болады

    Ел назарында 19 Fevral 2024 1102

    Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі және шалғай аумақтарда «Абат үй – абат көше – абат махалла» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында кең көлемді құрылыс, абаттандыру істері жүргізілуде.

    Міне осындай реформалар Хорезм облысының орталығынан 200 километр қашықтықта орналасқан Тупраққалъа ауданының Нурабад махалласында да өзгеше бір бағытта жүзеге асырылуда.

    Аталмыш махалладағы 581 отбасының өзекті мәселелері үйме-үй жүріп зерделенді. Соның нәтижесінде, 18 табысы аз, тұрмысы төмен, асыраушысынан айырылған отбасының үйлеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Сондай-ақ, көшелерде «Обад көше» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жақсара бастады. Атап айтқанда, жолдарға асфальт төселіп, басқа бөлігіне қиыршық тас төселіп, латок, арық, канал, коллектор-арықтар тазартылып, су нысанын орнатумен бірге 1,5 километр ауыз су желісі жөнделіп, тағы да дәл сондай ара қашықтыққа жаңадан су құбыры тартылды.

    Сонымен қатар, газ тарату пункттері жөнделді, жаңасы да орнатылды, газ құбырлары, 300 метр жерге жаңасы тартылды, жаңа трансформатор орнатылды, барлары жөнделді, тозығы жеткен 198 бетон бағаналар 222 дана бетон бағандарға ауыстырылды, 9 шақырым электр сымдары тартылды.

    Табысы аз отбасыларды қолдау мақсатында 11 азамат жұмыспен қамтылып, 20 адамға өзін-өзі жұмыспен қамтуға көмек көрсетілді.

    Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар медициналық тексеруден өтіп, науқастар емделді.

    «Абат отбасы», «Абат көше» және «Абат махалла» бағдарламаларын жүзеге асырудың екінші кезеңінде 17 махаллада үлгілі «Жол картасы» негізінде жұмыстар анықталды.

    Бұл реформалар көп ұлтты Топыраққалъа халқының тұрмыс-тіршілігі, әлауқаты, жарқын болашағы, бала-шағасының өсіп-өркендеуі мен арман-тілектерінен өз көрінісін тапты.

    Қорыта айтқанда, бүгінде нурабадтықтар да қыстың аязынан қорықпай, жылы үйлерінде тұра бастады деуге болады. Ауыз су мәселесі енді басты мәселе емес. Балалар мектеп пен балабақшаға тегіс жолдармен баруда. Көшелері кең әрі жарық. Жастар жұмыс іздеп жүрген жоқ. Тек олардан білімге, жаңалыққа ұмтылу, елі мен жеріне деген игілігі үшін қамқорлық қажет.

    Әлі де көп жұмыс істеу қажет-ақ. Ең маңыздысы, бүгінде жергілікті халықтың арасында басқаша ерік-жігер, басқаша көтеріңкі көңіл-күй бар. Міне, осы емес пе реформадан күткен мақсат.

    Гүлноза Собирова,

    Топыраққалъа ауданы әкімінің

    мемлекеттік тіл мәселелері бойынша кеңесші.