Келіссөздер барысында таяуда Өзбекстан мен Жапония арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл болғаны атап өтілді. Өткен кезеңде екіжақты және көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, медицина саласында бірқатар бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Солардың кезектегісі – Жапония Үкіметінің «Дамуға ресми көмек» бағдарламасы шеңберінде ЛСА-ның қаржылық көмегінде жүзеге асырылуы белгіленген, жалпы құны 7 миллион долларға тең «Қарақалпақстан медициналық институтының клиникасына медициналық жәрдем көрсетуді жақсарту» жобасы болып табылады.
Оның құрамында мультиспиральды компьютерлік томография, жылжымалы емхана, С-arm рентген аппараты, әмбебап хирургиялық микроскоп, отоларингологтарға арналған микроскопиялық жұмыс үстелі, терапия, реанимация, неонатология, травматология, хирургия сияқты бірқатар салаларда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін одан әрі арттыруға қажетті симуляциялық жабдықтар сияқты 29 түрдегі ең заманалық тенологяларды қамтиды.
Кездесуде аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі мен Жапонияның еліміздегі елшілігі арасында Алмасу нотасы, JICA-мен Гранттық келісімге, сондай-ақ Жапонияның «Grown Agents» компаниясымен Өзбекстанға медициналық техникалар мен жабдықтарды жеткізу, орнату және іске қосу туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар тараптар медицина саласындағы ынтымақтастықтың басқа да бағыттары бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.