Бұл туралы метеорология агенттігі мен жергілікті өрт сөндіру қызметтеріне сілтеме жасаған Kyodo агенттігі хабарлады.

Жер сілкінісі Иватэ префектурасының Тынық мұхиты жағалауында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:30-да, 44 шақырым тереңдікте тіркелген. Жапонияның сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша жер сілкінісінің күші 6 баллға жеткен. Атап айтқанда, Аомори префектурасындағы Хасиками ауданында 7 балл және  Хатинохэ қаласында 6 балл деңгейіндегі жер сілкінісі сезілген, деп хабарлады report.az.