Жапониямен өнеркәсіптік кооперациясы мен сауда көлемін арттыру бойынша нақты іс-шаралар белгіленді

    Кездесулер барысында Өзбекстан-Жапония сауда-экономикалық және қаржылық-техникалық ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелері талқыланды, экономиканың түрлі салаларындағы өнеркәсіптік кооперациясы мен сауда көлемін одан әрі арттыру бойынша нақты іс-шаралар әзірленді.

    Ағымдағы жылдың 29-31 октябрь күндері Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Токио қаласында осы елдің ресми тұлғалары, қаржы институттары мен ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер мен келіссөздер жүргізді.

    Атап айтқанда, Экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Ежи Мутомен және Жер ресурстары, инфрақұрылым, көлік және туризм министрі Тетсуо Саитомен жүргізілген келіссөздер барысында пайдалы қазба байлықтар, химия, машина жасау, энергетика және тағы басқа салалардағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімдерге қол жеткізілді.

    Сонымен қатар, тараптар құрылыс стандарттарын жаңарту, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық көлікті басқарудың озық жүйелерін енгізу саласында ынтымақтастыққа келісті. IT-Park Tashkentпен аутсорсинг саласында ынтымақтастықты жолға қою мақсатында Жапония IT-компанияларының Өзбекстанға бизнес миссиясы құрылады және Өзбекстанның Ёкогама қаласында өтетін EXPO 2027 халықаралық жеміс-көкөніс көрмесіне қатысуы ұйымдастырылады.

    JBIC агенттігінің басшысымен кездесу барысында Жапония компаниялардың Өзбекстандағы жобаларына тәуелсіз болмаған қаржыландыруды бөлуді қарастыратын үш жылдық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

    JICA тарапынан инженер кадрларды даярлау жүйесін дамыту, өнеркәсіп технопаркті құру және халықты кәсіпкерлік дағдыларына үйрету бойынша «Бір аймақ – бір өнім» бағдарламасын іске қосу бағыттары бойынша жаңа жобаларды әзірлеу бағдарламасы қабылданды.

    Sojitz, Toyota Tsusho, Sumitomo, Jogmec және Itochu компаниялары басқа формалармен қатар МЖС қағидаттарына негізделген өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму бойынша бірлескен жобаларға қатысады.

    Жалпы алғанда, сапар барысында Жапония үкіметі мен іскерлер шеңбері арасында Өзбекстанда жасалған инвестициялық ортаға деген жоғары сенім, сондай-ақ еліміздің кәсіпкерлерімен тікелей ынтымақтастықты жолға қою және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын екені атап өтілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates