JR Hokkaido теміржол компаниясының мәліметінше, қалың қардың салдарынан Хоккайдо аралында шамамен 1000 пойыздың қозғалысы тоқтатылды немесе кешіктірілді.

Теміржол операторының хабарлауынша, 25 қаңтар күні 545 пойыз, ал 26 қаңтар күні тағы 405 пойыздың қозғалысы тоқтатылды немесе кешіктірілді. Осылайша, екі күн ішінде барлығы 950 пойыздың қозғалысы тоқтатылған немесе кешіктірілген. Бұл 140 000-нан астам жолаушыға қолайсыздық туғызды. Кешігулер 26 қаңтар кешіне дейін жалғасты, деп хабарлайды report.az.