Осы Ереже сертификаттаудан өткізу, өтініш берушілерді авторизациядан өткізу, шетелдік экологиялық маркировкалау жүйелерін тән алу мен экологиялық маркировка белгісін пайдалануды қамтиды.
Өтiнiш берушi экологиялық маркировкалау органына белгiленген формалардағы өнiм мен қызметтердi сертификаттау бойынша өтiнiшпен жазбаша немесе электрондық формада өтiнiш бередi.
Экологиялық маркировкалау органы тарапынан сертификаттау бойынша өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күні барысында онда көрсетілген мәліметтер қаралады.
Сертификаттан өткізу 3 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Сарапшылар тобы тарапынан сертификаттау үдерісінің нәтижелері бойынша қорытынды ресмилендіріледі.
Сертификаттау нәтижелеріне қанағаттанбағандар 1 ай ішінде Апелляция комиссиясына жазбаша немесе электронды түрде апелляциялық шағым бере алады.