Жасыл технологияларды енгізуде Корея тәжірибесі қолданылады

    Өнеркәсіп 25 Mart 2024 1010

    «Узбекневтгаз» АҚ қарамағындағы Шортан газ-химия кешенінде Оңтүстік Кореяның «GDM ECO» Co.Ltd. компанияның атқарушы директоры Ли Жанг Юль басшылығындағы делегация мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

    «GDM ECO» — жергілікті және халықаралық деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласында мамандандырылған және өнеркәсіпорындарға арналған атмосфера ауасының ластануын бақылау жабдықтарын өндірумен, орнатумен және жобалаумен айналысады.

    Кездесуде кешеннің Этилен өндіру бөліміндегі Алтынкүкірт өндіру қондырғысының жұмыс тиімділігін арттыру және Кәріз суларды тазарту бөлімдеріндегі суларды бастапқы мақсатта пайдалануға бағыттау бойынша өзара пікір алмасылды.

    Айта кету керек, соңғы жылдары Шортан газ-химия кешенінде кешен айналасында «Жасыл белдеу» құру, өндірістік қалдықтарды екінші реттік мақсатта пайдалану, санитарлық және экологиялық жағдайдың сапасын арттыруға қолайлы жағдай жасау бойынша кешенді іс-шаралар дәйекті түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды «Ўзбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі «Шортан газ-химиялық кешені» жауапкершілігі шектеулі қоғамның ақпаратына сілтеме жасап.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates