Ішкі нарықты толықтыру және инфляция факторларын тежеу жөніндегі жүйелі шаралардың арқасында тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізілгені, инфляцияның төмендеп, ұлттық валютаның нығаюында оң нәтижелер бар екені атап өтілді.

2025 жыл 1 қарашадағы жағдай бойынша жылдық инфляция деңгейі өткен жылғы 10,2 пайыздан 7,8 пайызға дейін төмендеген. 2026 жылы бұл көрсеткішті 7 пайызға дейін түсіру, ал 2027 жылы 5 пайыз деңгейінде ұстап тұру жоспарланып отыр.

Осы мақсатта ішкі нарықта тауарлар мен қызметтер ұсынысын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, 2026 жылы банктер аграрлық сектор, азық-түлік өнеркәсібі және қызмет көрсету салаларындағы жобаларды қаржыландыруды кеңейтеді.

Жиында негізгі азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау маңызды екені баса айтылды.

Жоғары өсім қарқынын және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында келесі жылы коммерциялық банктер тарапынан экономикаға бөлінетін несиелер көлемі 450 триллион сумға жеткізілмек.

Мемлекет басшысына микро, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы да ақпарат берілді. Жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілеріне 116 триллион сум көлемінде несие берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есе көп.

Махаллабай жүйесі аясында 89 мың азаматтың бизнес бастамаларына қолдау көрсетіліп, оларға жалпы 1,1 триллион сум көлемінде несие бөлінді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100 мың адамға жеткізілмек.

2026 жылы да кедейлікті азайту және халықты кәсіпкерлікке белсенді тарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру көзделіп отыр. Микро, шағын және орта бизнесті несиелеу көлемін 140 триллион сумға жеткізу және тағы 100 мың азаматтың жобаларын қолдау жоспарланған.

Президентіміз халық пен бизнес үшін тұрақты қаржылық орта қалыптастыру, банк жүйесіне сенімді арттыру және қаржы нарығында әділ бәсекелесті дамыту бұдан былай да банк-қаржы саясатының басты бағыты болуы қажет екенін атап өтті.

Жауапты тұлғаларға инфляцияны тежеу, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және елдің макроэкономикалық тұрақтылығын нығайту жөнінде қосымша тапсырмалар берілді.