Жол қозғалысы ережелері бұзылуына қатысты ақпараттар 48 сағат ішінде келмеген жағдайда жарамсыз болып табылады

    Заң шығару палатасының депутаттары Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізуге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

    Заң жобасымен автоматтандырылған фото және бейне тіркеу технкалық құралдары арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы тіркелген жағдайларда көлік құралының иесі туралы мәліметтер болмаса, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған фото мен бейне тіркеу техникасы арқылы жол ережелерінің бұзылуына қатысты ақпараттар, айыппұл салу туралы қаулы шығаруға өкілетті болған лауазымды тұлғаға 48 сағат ішінде жіберілмеген болса жұмысты қарап шығуды жою белгіленуде.

    Сонымен қатар, жобада шағын көлемдегі электр двигательді көлік құралдары мен жеке қозғалмалы көлік құралдарын (скутерді, мопедті, велосипед жүргізушісі, жеке қозғалмалы көлікті, ұламалы арбаны басқаратын тұлға тарапынан жасаған жағдайда) пайдалану кезінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу көзделген.

    Сондай-ақ, Әкімшілік жауапкершілік кодекстің 171-бабында жедел жәрдем және өрт-құтқару бөлімшелерінің көлік құралдары тарапынан жасалған ережебұзушылықтар туралы жүргізілген әкімшілік істерді артықша қағазбастылықсыз тоқтату тәртібіненгізу белгіленуде.

    Аталған заң жобасының қабылдануы жол қозғалысы ережелерін сақтауды, жол-көлік оқиғаларының алдын алуды, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың заңды мүдделерін тиімді қорғауға қызмет етеді.

    Мәжілісте Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда қабылдады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates