Жастар — салауатты өмір жақтаушылары

    Ел назарында 11 Avgust 2022 2392

    Спиртті ішімдіктер, құрамында никотин бар өнімдерді, есірткі және басқа да психоактивті заттарды тұтыну адам және оның айналасындағылардың денсаулығына өте қауіп төндіреді.

    Өйткені адам мұндай өнімдерді тұтынудың әсерінен не істеп жатқанын өзі білмейді. Соның салдарынан құқықбұзушылықтар, қылмыстар, жазатайым оқиғалар, зорлық-зомбылық орын алады.

    Ал бұл мемлекет пен қоғамның дамуына кері әсерін тигізуде. Қазіргі таңда республикамызда мұндай қауіптің алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.

    Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 10 авгусында Сенат құзырындағы Жастар парламентінің бастамасы, Сенаттың Жастар, мәдениет және спорт мәселелері, сондай-ақ Сот-құқық мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің көмегінде «Жастар – салауатты өмір қолдаушысы» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты ұйымдастырылды.

    Оған сенаторлар мен депутаттар, тиісті министрліктер мен кеңселердің өкілдері, халық депутаттары жергілікті Кеңестердің Жастар мәселесі комиссиялары, Жастар парламенті мүшелері, сондай-ақ БҰҰ-ның Балалар қоры (UNICEF) және UNODC-тің Өзбекстандағы өкілеттігінің өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысты.

    Дөңгелек үстел сұхбаты жасөспірімдер мен жастарды психобелсенді және есірткі заттары сияқты қауіптерден қорғау, осы қатерлермен күресуге жастарды кеңінен тарту, профилактиканың жаңа әдістерін жасау мен оны енгізуге жастардың қатысуын қамтамасыз ету, осы саладағы озық әлемдік тәжірибені талдау, есірткі заттарын тұтынудың алдын алу бойынша жастар тарапынан болашақтағы әрекеттері бойынша ұсыныстар жасалып, жастарды салауатты өмір салтына бағыттауды мақсат еткен.

    Сөз сөйлеген жастар профилактикалық жұмыстарға қалай жұмылдырудың жолдары туралы өз ойын білдірді.

    Дөңгелек үстел соңында талқыланған мәселелер бойынша айтылған ой-пікірлер, ұсыныстар мен пікірлер қорытындыланып, тиісті ұйымдарға жеткізуге келісілді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates