Жарғыға сәйкес, Қор Жастар істері агенттігінің  заңды тұлға статусына ие болмаған  бюджеттен тыс қоры саналады.

Қордың қаржылары, атап айтқанда, мынадай мақсаттарда пайдаланылады:

▪️ жастардың құқығы мен еркіндігін, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру;

▪️ «Жастар дәптеріне» кіргізілген жастардың шет тілдері мен жалпы білім беретін пәндер бойынша  беймемлекеттік білім беру мекемелерінде оқу қаражаттарының 50 пайызын (бірақ Базалық есептеу мөлшерінің 5 есесіне дейін) сондай-ақ  олар бойынша  ұлттық  сертификаттар алу үшін  өткізілетін емтихандарды тапсыру қаражаттарын  компенсациялау;

▪️ халықаралық емтихан жүйелері   (IELTS, TOEFL, GMAT, GRE, SAT, тағы басқалар) бойынша ең жоғары  балл топтаған дарынды жастарға емтихан тапсыру қаражаттарын төлеп беру;

▪️ жастарға қатысты бағдарламалар, жобалар, байқаулар, тағы басқа шаралар үшін  беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдар және азаматтық қоғамның  басқа  институттарына, сонымен қатар, БАҚ-тарға әлеуметтік тапсырыс бөлу;

▪️ «Мейірбандық»  үйлері тәрбиеленушілерінің, сондай-ақ  «Жастар дәптеріне» кіргізілген жастардың жүргізушілік  курстарында оқу қаражаттарын (Базалық есептеу мөлшерінің 4 есесіне дейін) аталған жекеменшік кәсіпорын және ұйымдарға компенсация  ретінде төлеп беру.