ЮНИСЕФ-тің аймақтық директорымен ынтымақтастық болашақтары талқыланды

    2023 жылдың 9 октябрінде Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева елімізде іссапармен жүрген Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Регина Де Доминитсиспен кездесті.

    Кездесуде Өзбекстан мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықтың маңызды жақтары қарастырылып, қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған ұсыныстар талқыланды.

    Соңғы жылдары Өзбекстанның БҰҰ институттарымен, әсіресе ЮНИСЕФ-пен қарым-қатынастары жандана түскені, елімізде бірқатар ірі біріккен іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылғаны, балаларды жан-жақты қолдап-қуаттау, сондай-ақ олардың сапалы тәлім-тәрбие алуы үшін жасалған жағдайлардың тиімділігін қамтамасыз етудегі құрылымның рөлі ерекше екені атап өтілді.

    Диалог барысында перинаталдық денсаулық, балалардың өсуі мен дамуының жай-күйін зерделеуге қатысты 2024-2025 жылдарда Тамақтану бойынша екінші ұлттық зерттеуді өткізу, балалардағы тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу және емдеу тиімділігін арттыру, сондай-ақ балаларды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруде іс жүзіндік ынтымақтастықты нығайту туралы ұсыныстар білдірілді.

    Білім, инклюзивті білім және денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық институционалдық негіздерін жетілдіруде де пікір алмасылды.

    Өзбекстандағы ЮНИСЕФ өкілеттігімен бірлесе отырып, мультииндикаторлы кластерлік бақылауларды (МИКС) өткізудің ауқымын одан әрі кеңейту және осы зерттеулерге жауапты мемлекет ұйымдарының және азаматтық қоғам институттарын тарту бойынша іс-әрекеттерді бірлестіруге келісілді. Сондай-ақ БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық іс-әрекеттер жоспарын жақын арада қабылдау қажеттігіне де ерекше назар аударылды.

    Кездесу соңында Өзбекстанның ЮНИСЕФ-пен сындарлы және тиімді ынтымақтастықты іс жүзіндік жобалармен нығайтуға келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates