Елімізде алғаш рет бір жарым жасар баланың омыртқасына күрделі ота жасалды

    Денсаулық 5 Aprel 2023 3336

    Республикалық мамандандырылған травматология және ортопедиялық ғылыми-іс жүзіндік медицина орталығында жасалатын бірегей оталардың саны тағы біреуге көбейді. Мұнда Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық ғылыми-зерттеу медицина университетінің дәрігерлерімен бірлесе отырып, елімізде алғаш рет 1 жас 4 айлық баланың артықша жартылай омыртқасын алып тастауға арналған хирургиялық операция жасалды.

    Кішкентай науқас Мухаммадусмон Ибрагимов 2021 жылы Ферғана облысының Өзбекстан ауданында дүниеге келген. Ол дүниеге келгенде омыртқасында туа біткен аномалиясы бар деген диагноз қойылған. Яғни, омыртқасында кеуде-белінде қисаю, сол жағында кеуде қуысының домбығуы байқалған.

    Уақытша емделгеннен кейін оның ата-анасы Республикалық травматология-ортопедиялық ғылыми-іс жүзіндік медицина орталығына жүгінген.

    Қажетті зертханалық және инструменталды тексерулерден кейін Мұхаммедусмонға «Омыртқаның туа біткен даму аномалиясы, кеуде-бел омыртқасының туа біткен сколиозы, кеуде және бел сүйектерінің қисаюы. Сол жақты VThX жарты омыртқасы» нақтамасы қойылды.

    Мекемеде VTh 12 жарты омыртқасын алып тастау, сколиозды деформацияны түзету және эндокорректормен тұрақтандыру операциясы сәтті орындалды. Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық.

    Орталық басшысы Мурад Ирисметовтың айтуынша, бұрын мұндай хирургиялық оталарды жасау үшін науқастың кәмелет жасқа толуы күтілетін.

    Нәтижесінде өткен кезеңде бүкіл омыртқаның ауыр сколиотик деформациясы орын алып, соңында өте күрделі операция жасауға тура келген. Сонымен қатар, науқастың кеуде қуысы ағзаларында қосалқы өзгерістер пайда болған. Бұл көбінесе науқастардың өмір бойы мүгедек болып қалуына әкеліп соқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    Енді аталмыш күрделі оталар ерте жасында жасалса жоғарыдағы сияқты асқынулар мен туа біткен мүгедектіктің алдын алуға қызмет етеді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates