Мақала авторының жазуынша, Жібек жолы мен ондағы Өзбекстанның ерекшелігін тереңірек түсіну үшін Самарқант, Бұхара және Хиуа қалаларына бару қажет.
Сондай-ақ мақалада UNWTO-ның 2023 жылы «Ең үздік туристік ауылдар» тізіміне енген Өзбекстанның Сентоб ауылы туристердің қызығушылығын тудыруы мүмкін екені айтылады. Ол табиғатқа, органикалық азық-түлікке және эко-тау туризміне баса назар аудара отырып, тұрақты дамвтуға беріктігі тілге тиек етілді.
«86 елдің азаматтарына визасыз кіру мүмкіндігін беретін Өзбекстан келушілерді сұлу ландшафтарымен және жақсы сақталған сәулетімен таң қалдыруға дайын», - делінген мақалада.
Саяхатқа бару үшін ең жақсы елдер Сингапур, Испания, Индонезия, Ангола, Корея және басқа да бірқатар елдер енгізілді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұл тізімге Орталық Азия елдерінен Өзбекстан ғана енген.