Өзбекстан құрамасы футзалшылары Қазақстаннан есесін қайтарды

    Естеріңізде болса, Нұрсұлтан қаласындағы алғашқы кездесуде алаң иегерлері сенімді жеңіске жеткен еді, 3-1 есебімен. Сондықтан екінші ойынға Баходир Ахмедовтің шәкірттері есе қайтару ұшін шықты. Және соның үддесінен шықты.

    Алайда, ойын басталуы Қазақстан құрамасы қонақжайлық көрсетуге онша құмар еместігін көрсетті. Алты минутта Біржан Оразов, Альберт Ақбалықов және Дуглас үш рет допты Равшан Елібаевтың қақпасына жолдай алды. Сол кезде Қазақстан теледидары шолушысы Ерсұлтан Сағындықов допты қақпа жанына тепкен кезде «төртте ноль!» деп айқайлап жіберді. Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт алаңындағы бір көрермен адасқанын айтқан соң шолуышылар рақаттанып өзара күлісіп алды.

    Қазақстан құрамасы бас бапкері бразилиялық Рикардо Кака мәселе шешілді деген оймен екінші бөлімге жастарға мүмкіндік берді.

    Содан соң таразы басы басқа жаққа ауа бастады. Әуелі Даврон Чориев бұрыштан қақпаға қарай жолдаған допты қайтармақшы болған Арнольд Кнауб өз қақпашысын адастырды. Сол кезде Игита орнына қақпада Рауан Атантаев түрған болатын.

    Көп ұзамай Илхом Хамраев әріптесі жолдаған ақылды пасты голға айналтырды. Бұл жерде Атантаев құтқара алмайтын еді, өйткені құрғаушылар Хамраевты қараусыз қалдырғаны үшін жазаланды.

    Есептегі ара қашықтық қысқара бастағаны алаң иелерін төртінші допты соғуға асықтырды. Сондай кезде қатеден ұтымды пайдалаған Өзбекстан құрамасы Ихтияр Ропиевтін голынан соң есепті теңестірді.

    Жауапсыз үш доптан соң қарсыластың соншама жігер көрсетуінен таң қалған Кака шәкірттері көп өтпей тағы екі допты жіберіп қойды. Бразилиялық Дуглас допты аяқ арасынан өткізбекші болып, айырылып қалды. Акбар Усманов алғаш рет қонақтарды алға шығарды. Күліп отырған шолушылардың көңіл-күйі бұзылды, олар сары футболкадағы ойыншыларды сынай бастады.

    Даврон Чориевтін жолдаған добы Атантаевтің қақпасы қарсы бұрышы қарай ұшқанда қақпашы жақын бұрышты қорғауға орын алмастырған еді.

    Есеп теріс айналған соң Игита қақпаға қайтарылды. Бразилиялық өз қақпасын қойып, қарсы қақпаны нысанға алуға аттанды. Оның соққысын Равшан Елібаев қайтарды, қайтқан допқа ешкім үлгермеді. Игитаны жазалай алмаған қонақтар өздері гол өткізіп қойды. Автогол жасаған айыбын Арнольд Кнауб Елібаев қақпасына салған доппен жуған болды.

    Ойын аяғына әлі бес минут қалған еді, алаң иелері қақпасын ашық тастап алға аттанған сәтте Өзбекстан қақпашысы Равшан Елібаев Игитаны жазалай алудың жолын тапты. Қолынан тепкен допты бос қалған қақпаға анық жолдап, өз құрамасы жеңісін тағыда нығайтты. 3-0 ден 4-6 мен аяқталды.

    Енді Қазақтан құрамасы Украина құрамасын сыннан өткізу ниетінде. Бұл жолдастық ойындар Кака шәкірттерін Европа чемпионаты ойындарына дайындық ролін атқарады. Ол жарыс келесі жылы 19 қаңтардан 6 ақпанға дейін Голландияда өтеді. Қазақстан құрамасы алғашқы қарсыластары Италия, Словения және Финляндия.

    Қандас, бауырлас елі өкілдеріне бұл жарыстарда сәттілік тілейміз.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates