Өзбекстанда піллә жоспары артығымен орындалды

    Агросектор 8 Noyabr 2021 467

    Бұл туралы АТКА-да өткен брифингте «Өзбекипаксаноат» ұйымының ақпарат қызметінің басшысы Сарвиноз Ахмедова мәлімдеді.

    «Узбекипаксаноат» ұйымы Өзбекстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 марттағы «Узбекипаксаноат» ұйымы қызметін ұйымдастыру іс -шаралары туралы» қаулысымен құрылды. Өзбекстан Республикасы Президентінің қаулысы және жарғысымен Ұйымға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында 13 аумақтық және 144 аудандық «Агропилла» жауапкершілігі шектеулі қоғамның қызметі құрылды.

    2021 жылы 11 жібек құртының тұқымын өндіруші және 80 жібек құртының кластері, жібек, мақта және жүн қоспаларынан қолдан тоқылған кілемдер, сондай-ақ жібек маталар мен дайын жібек киім-кешек бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар «Узбекипаксаноат» ұйымының мүшесі саналады. Ұйымның жүйесінде жалпы 862,5 мың адам жұмыспен қамтылса, оның 32,6 мыңы тұрақты және 829,9 мыңы маусымдық жұмысшылар.

    2021 жылдың 10 айында піллә кластерлері бойынша тұт жібек құртының азықтық базасын дамыту есебінен піллә өсіру көлемін ұлғайту мақсатында барлығы 2,7 мың гектар жерге жаңа тұт бақтары отырғызылып, 67,5 миллион түп тұт көшеттері отырғызылды. Соның нәтижесінде жаңадан отырғызылған тұт көшеттері мен тұтзарлар есебіне тұт плантациялары алаңы 53,4 мың гектарға, ал жеке қатар тұт ағаштарының саны шамамен 119,5 миллионға жетті.

    Ұйым құрылғаннан бері жібек ұрықшылық кәсіпорындары толық үйреніліп, олар жаңғыртылып, шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құрылып, Қытайда осы саланың мамандарымен тәжірибе алмасып және білімдерін тұрақты жетілдіру істері жүргізілуде.

    Бүгінде елімізде тұқымдық айналысатын кәсіпорындар саны 13-ке жетіп, жергіліктендіру деңгейі 59,8 пайызды құрап отыр.

    Биылғы жылы өсірілген піллә шикізаты жүйедегі кәсіпорындарда толық өңделіп, жібек өнімдері экспортқа шығарылуда. Жүйе кәсіпорындары өсірген піллә шикізатын қайта өңдеу қуатын пайдалану деңгейі 2020 жылы 94 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 100 пайызға жетті.

    Сондай-ақ биылғы жылы 117,4 миллион долларды құрайтын 101 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

    Піллә экспортының географиясы да кеңейіп келеді. Атап айтқанда, 2020 жылы 14 елге экспортталса, биылғы жылдың 10 айында экспортталған елдер саны 16-ға жетті.