Әлемдік нарықта өзбек жібегіне сұраныс артуда

    15 ноябрь күні «Узбекипаксаноат» ұйымының төрағасы Бахром Шарипов Пәкістан мемлекетінің шикі жібек импортымен шұғылданатын «Namal International» компаниясының басшысы Раджаб Хуссайнмен кездесті.

    Жиында Өзбекстанда жібекшілік өнеркәсібіне қолайлы инвестициялық жағдай мен мүмкіндіктер жасалғаны, бұл жөнінде әлі базар толық иеленбегендігі, салаға тиісті өндіріс орындарының 7 жыл бойы еркін жұмыс істей алатыны жан-жақты айтылды.

    Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық шарттарын, нарық аймағына қарай бағаны белгілеу тәртібін келісті.

    Бахром Шарипов: «Елімізде пілләні өңдейтін 76 кәсіпорын болса, оның 80 пайызы тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Сапалы жібек бұйымын сатып алғыңыз келсе, тапсырыс берген зауыттарға сапаны бақылаушы маманды тіркей аласыз. Ол үшін біз сізге барлық жағдайды жасаймыз. Қаласаңыз, осы жерден зауыт салып, жұмыс орындарын ашуға заңды әрі материалдық көмек көрсетеміз», – деп айтты.

    Жібек өнімдерінің сапасын өз көздерімен көру үшін еліміздің піллә өңдейтін кәсіпорындарына шетелдік қонақтар шақырылды. Кездесу соңында серіктестер ұйымның көрме залымен танысты, деп хабарлайды «Узбекипаксаноат» ұйымының баспасөз қызметі.