ТМД елдері Өзбекстан тәжірибесін қолданғысы келеді

    Агросектор 18 Yanvar 2022 1784

    Соңғы жылдары жібекшілік саласы ел экономикасының маңызды драйверіне айналды.

    Тек 2020 жылдың өзінде жібек өнімдерінің экспорты 76,5 миллион долларды құраса, 2021 жылға келіп бұл көрсеткіш 86,7 миллион долларды құрады. Болжам бойынша 2022 жылы 95,7 миллион долларлық жібек өнімдері экспортталады. Жібек экспортының географиясы Қытай, Иран, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам, Үндістан, Корея және басқа елдерде де кеңейіп келеді.

    Өткен жылы осы жүйеде 862 мың 500 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылса, бұл көрсеткіш 2022 жылы 1 миллион 130 мың 617-ге жетеді деп жоспарлануда.

    Мұның нәтижесінде, жібек құртын өндіруде халықтың да , мемлекеттің де мүдделі екені анық.

    Сондай-ақ, реформалардың әсерін көршілес елдер де сезінді. Грузия мен Әзербайжан мемлекеттерінің өкілдері Өзбекстанның жібек өсіру саласындағы тәжірибесін үйренуі үшін елімізге келуі кездейсоқ емес.

    Кеше Тәжікстан Республикасынан да «Тәжік піллә» ұйымының басшысы Назаров Назиршо басшылығындағы делегация өкілдері Ферғана облысындағы «Нурли Тонг» ЖШҚ піллә кластері,н жібек құртының тұқымын шығаратын және тоқыма фабрикаларын аралады.

    Сапар барысында облыстағы пілләні қайта өңдейтін кәсіпорындардың қызметін үйреніп, болашақта жібек құрты саласындағы Өзбекстан тәжірибесін Тәжікстанда да қолдану және осы арқылы Душанбе қаласындағы қызметі тоқтап қалған тұқымдық зауыты мен жібек маталар өндіретін кәсіпорындар ынтымақтастықта қайта іске түсірілуі жоспарланды, деп хабарлайды «Узбекипаксаноат» ұйымының баспасөз қызметі.