2021 жылдың январь-сентябрь айларында Өзбекстандағы жұмыссыздық деңгейі 9,4%-ды құрап, өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға, январь-июнь айларымен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеді.
Ағымдағы жылдың сентябрь айында Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігінің Республикалық Жұмыспен қамту және еңбекті қорғау ғылыми орталығы тарапынан еліміздің 108 қаласы мен ауданында халық арасында әлеуметтік кезекті сауалнама жүргізді. Зерттеу барысында 500 өзін-өзі басқару органы, 5,0 мың үй шаруашылығы және 26,5 мың азамат қатысты.
2021 жылғы январь-сентябрь айларында еңбек ресурстарының саны 19 322,8 мың адамды құрап, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,1%-ға немесе 201,4 мың адамға өсті. Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 13609,1 мың адамды құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,1%-ға (403,9 мың адамға) өсті.
2021 жылдың январь-сентябрь айларында ресми секторда жұмыспен қамтылғандар саны 6 124,3 мың адамды құрады, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда заңды тұлғаларды жұмыспен қамтылғандар саны 7,9%-ға немесе 450,5 мың адамға өсті. Бейресми секторда жұмыспен қамтылғандар саны 5 943,9 мың адамды құрап, ағымдағы жылдың январь-июнімен салыстырғанда 4,1%-ға немесе 254,0 мың адамға азайды.
Сауалнама бойынша жұмысқа мұқтаждардың жалпы саны 1 413,7 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық арасында 9,4 пайызды құрады. 16-30 жас аралығындағы жұмыссыздық деңгейі 14,9 пайызды құраса, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 12,8 пайызды құрады.