Рейстерді
Silk Avia әуе компаниясы аптасына бір рет, әр жұма
күні жүзеге асырады. Бұхара қаласынан ұшақ жергілікті уақыт бойынша 08:30-да
ұшып, 09:30-да Сариосиёға қонады. Қайтар рейсі 10:10-да
Сариосиёдан көтеріліп, 11:20-да Бұхараға келіп қонады.
Аталған
ішкі әуе қатынасының іске қосылуы ел ішінде саяхат жасау мүмкіндіктерін одан
әрі кеңейтіп, шетелдік және жергілікті туристердің діттеген жеріне жету уақытын
едәуір қысқартуға, сондай-ақ ел бойынша сапарларды анағұрлым ыңғайлы
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сұрхандария
облысы өзінің алуан түрлі туристік әлеуетімен саяхатшыларды қызықтырады.
Сариосиё әуежайы арқылы туристер көркем тау жоталарына, бірегей табиғи
аймақтарға, экологиялық туристік бағыттарға және ішкі туризм әуесқойлары
арасында барған сайын танымал болып келе жатқан басқа да көрікті орындарға бара
алады.
Аумақтық
авиация желісін дамыту туризм саласының одан әрі өркендеуіне, туристердің елде
болу мерзімін ұзартуға, ішкі туристік ағынды арттыруға және еліміздің бай
мәдени әрі табиғи мұрасымен жақынырақ танысуға қосымша мүмкіндіктер береді.