Осылайша, Өзбекстан мен Армения астаналары арасындағы тікелей әуе қатынауы соңғы бірнеше онжылдықтан кейін алғаш рет қайта жанданды.

2 маусым күні Ташкент халықаралық әуежайына «Shirak Avia» әуе компаниясының Ереваннан ұшып келген алғашқы рейсі қонды. Ұшақ бортында 127 жолаушы болған. Авиация дәстүріне сәйкес, әуе кемесі су аркасымен қарсы алынып, экипаж мүшелеріне гүл шоқтары табысталды. Сол күні елорда әуежайында Ташкенттен Ереванға аттанған алғашқы рейс жолаушыларын тіркеу рәсімі де салтанатты түрде ұйымдастырылды. Армения астанасына алғашқы рейспен 177 жолаушы ұшып кетті.

Жаңа бағыт екі елдің астаналарын тікелей байланыстырып, Өзбекстан мен Армения арасындағы туризмді, іскерлік байланыстарды және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосымша мүмкіндіктер жасайды. Рейстер Boeing 737 үлгісіндегі ұшақтармен аптасына бір рет орындалады. Бұған дейін бұл бағытта жолаушылар Мәскеу, Станбұл, Тбилиси және басқа қалалар арқылы транзиттік рейстерді пайдалануға мәжбүр болған.

Shirak Avia — Еревандағы Звартнотс халықаралық әуежайында орналасқан Армения әуе компаниясы саналады. Тасымалдаушы бірқатар халықаралық бағыттар бойынша рейстер орындайды және Boeing 737 ұшақтарын пайдаланады.