Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
АҚШ Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің мәліметінше, жолаушылар АҚШ-қа жеткізіліп, карантинге
жатқызылған.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 16 адам Небраска
университетінің медициналық орталығына орналастырылған.
Қалған екеуі Атланта қаласындағы медициналық
мекемеде бақылауда.
Олардың бірінен ауру белгілері байқалған.
MV Hondius круиз кемесі Анд хантавирусының
таралуына байланысты аталып отыр.
Бұл — сирек жағдайларда адамнан адамға жұғуы
мүмкін хантавирус түрі.
Алайда мамандар инфекцияның негізгі
тасымалдаушысы кеміргіштер екенін айтты.
АҚШ денсаулық сақтау ресмилері халық арасында вирустың жаппай таралу қаупі төмен
екенін атап өтті.
Себебі
вирусты жұқтыру үшін науқаспен ұзақ әрі жақын байланыста болу қажет.
Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, круиз кемесіндегі жеті адамға хантавирус
диагнозы қойылған.
Медициналық
бақылаудағы жолаушылар 42 күнге дейін карантинде болуы мүмкін.
Бұған
дейін Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған круиз кемесінде жеті адамның вирус
жұқтырғаны хабарланған еді.
Олардың
үшеуі қайтыс болды.
Сонымен
қатар, Израильде Шығыс Еуропадан оралған жолаушыдан алғашқы хантавирус жағдайы
тіркелді.
Бұған
дейін ДДСҰ MV Hondius кемесіндегі науқастармен байланыста болған адамдарға 42
күндік карантин сақтау жөнінде кеңес бергені туралы kazinform хабарлаған
болатын.
Кейінірек
Франция мен АҚШ-қа эвакуацияланған тағы екі жолаушыдан хантавирус анықталғаны
хабарланды.