Мәліметке сәйкес, күндіз Қарақалпақстан Республикасы,
Хорезм, Бұхара, Науаи және Сұрхандария
облыстарында, сондай-ақ таулы аймақтардың кейбір жерлерінде желдің жылдамдығы
секундына 13–18 метрге дейін күшеюі күтілуде.
Кейбір аумақтарда
қатты жел шаңды дауылмен қатар жүруі мүмкін.
Сондай-ақ Ташкент қаласында да бүгін желдің жылдамдығы
қалыпты көрсеткіштен жоғары болуы және шаңды дауыл байқалуы ықтимал.
Бұған дейін Узгидромет
4 қыркүйек күні елдің кейбір өңірлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін
екенін хабарлаған болатын.