Осы қаражат есебінен 181 мемлекеттік және беймемлекеттік медициналық мекемеде 61 142 науқас бюджет есебінен тегін емделді.

Атап айтқанда, республикалық мамандандырылған медициналық орталықтарда 26 303 науқасты емдеуге 351,6 миллиард сум, ал басқа республикалық медициналық мекемелерде 19 234 жуық  науқасқа көрсетілген медициналық қызметтерге 228,8 миллиард сум бөлінді.

Сонымен қатар, аймақтық медициналық мекемелерде 8 774 науқасты емдеуге 121,3 миллиард сум, ал беймемлекеттік медициналық ұйымдарда 6 831 науқасқа медициналық көмек көрсетуге 184,6 миллиард сум жұмсалды.

Ең көп емделуші кардиология және кардиохирургия бағыттары бойынша медициналық көмек алған. Ал емделген науқастар саны бойынша Республикалық мамандандырылған педиатрия ғылыми-практикалық медициналық орталығы көш бастады.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.