Бұған дейін өрт сөндіру қызметі Аттика астана облысы аймағында өртті сөндіру
кезінде екі тікұшақтың соқтығысқанын хабарлаған болатын, деп жазады ria.ru.
«Екі тікұшақтың бортында төрт адам болған. Олардың
екеуі – Грекия азаматтары, қалған екеуі – шетел азаматтары. Екі адам тірі
табылды, тағы екі адамның мәйіті анықталды», – делінген департаменттің «Прото
Тема» газетінде жарияланған мәлімдемесінде.
Газеттің хабарлауынша, апатқа адам қателігі себеп
болуы мүмкін деген болжам жасалуда. Тікұшақтардың қалдықтары терең шатқалдан
табылған. Қаза тапқандар тікұшақтардың бірінің экипажы болған. Әр тікұшақта екі
адамнан болған: ұшқыштар – Румыния азаматтары, ал координаторлар – Грекия азаматтары еді.