Бұл
туралы штаттың төтенше жағдайларды басқару департаменті үнді бұқаралық ақпарат
құралдарына хабарлады.
Табиғи
апат болған аймақта 300 мыңнан астам тұрғын қалып отыр. 551 ауылды су басты. Ең
ауыр жағдай 137 мыңнан астам адам зардап шеккен Чарайдео округінде сақталып
отыр.
Су
тасқындары жолдарға, үйлерге, мектептерге және басқа да инфрақұрылым
нысандарына зиян келтірді. Ресми мәліметтерге сәйкес, табиғи апат салдарынан 11
мыңнан астам мал қырылған.
Үндістанның
Метеорология департаменті (IMD) алдағы екі күн ішінде Ассам штатында тағы да
нөсер жаңбыр жаууы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлады report.az.