1. Қаржыландыру тәртібі
өзгереді
Аурудың алғашқы 5 күні үшін төлемді жұмыс беруші
жүзеге асырады, ал 6-күннен бастап төлемді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қоры төлейді.
2. Төлемақы сақтандыру
өтіліне қарай белгіленеді
Сақтандыру өтілі:
- 6 айдан 8 жылға дейін болса – орташа жалақының
60 пайызы;
- 8 жылдан артық болса – орташа жалақының 80
пайызы.
3. Жеңілдікті санаттарға өтіл
коэффициенті 20 пайызға арттырылады
І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар, төрт
және одан көп баласы бар ата-аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп
отырған ата-аналар үшін жәрдемақы мөлшері 20 пайызға көбейтіледі.
4. Төлем мерзімі
айдың 1–15 күндері
тағайындалған жәрдемақылар – сол айдың 25 санасына дейін төленеді;
айдың 16-санасынан кейін тағайындалса – келесі айдың 10-санасына дейін төленеді.
5. Ауруға байланысты төлемақы (больничный) бір күнтізбелік жыл ішінде жалпы 182 күнге
дейін төленеді.
6. Жәрдемақыны есептеудің ең
жоғары шегі
Жәрдемақыны есептеу кезінде орташа жалақының ең төменгі еңбекке
ақы төлеу мөлшерінің 10 еселенген көлемінен аспайтын бөлігі ғана есепке
алынады.
7. Үдеріс толық цифрландырылды
Жәрдемақыны тағайындау және төлеу рәсімі толықтай
электрондық форматта жүзеге асырылады.
Жаңа тәртіп ауруға байланысты төлемақыны тағайындау және
төлеу жүйесін барынша ашық, ыңғайлы әрі әділ етуге, сондай-ақ азаматтарға
қызметтерді жедел әрі заманауи форматта ұсынуға бағытталған.