Қаулыға орай, Мәдениет министрлігі жанындағы
«Халықаралық фестивальдер дирекциясы» мемлекеттік мекемесінің негізінде
Мәдениет және өнерді дамыту қоры (Қор) жанынан «Мәдени жобалардың ұлттық операторы»
мемлекеттік мекемесі (Ұлттық оператор) құрылады.
Ұлттық операторға халықаралық және республикалық
деңгейдегі мәдени іс-шараларды дайындау және өткізу аясында мынадай жеңілдіктер
мен преференциялар беріледі:
қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз ету, жедел медициналық көмек және жол-патруль қызметтерін тегін
пайдалану;
Ұлттық оператор тарапынан өткізетін
мәдени іс-шаралар шеңберінде Өзбекстанға әкелінетін жабдықтарды, сахналық және
техникалық құралдарды, реквизиттерді, музыкалық аспаптарды, LED-экрандарды,
дрондарды және өзге де материалдық құндылықтарды 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін
кедендік баж салығынан босату.
Сондай-ақ,
“Шарқ тароналари” халықаралық музыка
фестивалі келесі жылдан бастап екі жылда бір рет өткізілетін болады.
Ұлттық
оператор фестивальді ұйымдастырушылық және техникалық жағынан дайындау мен өткізудің
орындаушы операторы етіп белгіленді.