Бұл туралы teleSURtv Венесуэла Денсаулық сақтау министрі Карлос Альварадоның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 157 адам із-түзсіз жоғалған, 200 адам үйінді астында қалып қойған және 2 927-ден астам отбасы зардап шеккен.

Инфрақұрылымға да айтарлықтай зиян келген. Жалпы 250 ғимарат пен сегіз аурухана бүлінген, олардың кейбірінен науқастар мен қызметкерлерді шұғыл эвакуациялауға тура келген.

Ең көп қираған аймақ – Ла-Гуайра қаласы. Мұнда 100-ден астам ғимарат құлаған. Билік ауыр техниканы жұмылдырып, құтқару жұмыстарына 11 500 қауіпсіздік қызметкерін тартуға дайындалып жатыр.

Сальвадор мен Доминикан Республикасы сияқты елдер көмек көрсету үшін арнайы топтарын жіберді. Ал АҚШ қолданыстағы санкцияларды уақытша тоқтатып, төтенше гуманитарлық операцияларды жүргізуге мүмкіндік берді және гуманитарлық ұйымдар арқылы төтенше жағдайды еңсеруге 150 миллион доллар бөлді.

Елдің негізгі әуежайындағы қиындықтарға байланысты астанамен әуе қатынасы үзіліп қалды. Соның салдарынан Iberia және Air Europa әуе компанияларының бірқатар рейстері тоқтатылды, деп хабарлады report.az.

Еске салайық, 25 маусымға қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Кейіннен АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) небәрі арасында 40 секунд болған магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын тағы екі жер сілкінісі болғанын мәлімдеді. Ел билігі төтенше жағдай жариялады.