Экология
және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитет пен Falcon Hunting Solutions
ынтымақтастығы аясында Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін
құс — жорға дуадақты табиғи ортаға қайта жіберу жұмыстары жалғасып жатыр.
Хабарланғандай,
бұл құс түрі Өзбекстанның Қызыл кітабына, IUCN Қызыл тізіміне және жойылып кету
қаупі бар жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау жөніндегі
CITES Конвенциясының 1-қосымшасына енгізілген.
Жоба
аясында жыл сайын Қарақалпақстан аумағындағы табиғи ортаға 2 мыңнан 3 мың басқа
дейін жорға дуадақ жіберу жоспарланып отыр.