Оқиға 13 сәуір күні Ахангаран ауданы аумағындағы тауларда болған. Алты адамнан тұратын отбасы демалу мақсатында жолға шыққан, олармен бірге 4 жастағы бала да болған.

Мәлім болуына қарағанда, шамамен сағат 17:00-де отбасы мүшелері тау шыңындағы қарды көру мақсатында жоғары көтерілген. Осы кезде үлкендер баланы ұмытып кетіп, төменге түсіп кеткен. Баланың жоғалғаны шамамен 40 минуттан кейін анықталған.

Осыдан кейін баланың жақындары дереу Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекшілік бөліміне хабар берген. Іздестіру жұмыстарына Тошкент облысы ТЖББ іздестіру-құтқару топтары мен «Қамшық» арнайы құтқару басқармасының қызметкерлері тартылған.

Іздестіру-құтқару жұмыстары 6,5 сағаттан астам уақытқа созылған. Нәтижесінде, 14 сәуір күні түнгі сағат 00:20-да бала Алмалық арнайы іздестіру-құтқару жасағының құтқарушылары тарапынан тірі күйінде табылған.

Құтқарушылардың мәліметінше, бала ата-анасы қалдырған жерден шамамен 3 километр қашықтықта табылған. Ол табылған кезде тізесіне дейін қардың ішінде болған.

Бала отбасына аман-есен тапсырылған. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы.