Заңға орай, Конституциялық сот:
Заңдар, Олий Мажлис палаталары қаулыларының, Президент жарлықтары мен қаулылары, Үкімет және жергілікті мемлекеттік билік органдары қаулыларының Конституцияға сәйкестігін анықтайды;
Қарақалпақстан Республикасы заңдарының Өзбекстан Республикасының заңдарына сәйкестігін анықтайды;
Жоғарғы соттың бастамасымен жолданған нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі туралы өтініштерді қарайды;
Конституциялық сот өз өкілеттігі шеңберінде Конституция мен заңдарға түсіндірме береді.
Басқа да маңызды тұстар:
Конституциялық соттың судьясы он жыл мерзімге сайланады және әрбір судья жеке-жеке сайланады;
Конституциялық соттың құрамы төраға мен оның орынбасарын қоса алғанда, тоғыз судьядан тұрады;
Конституциялық соттың қаулылары мен қорытындылары ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Жекелеген нормалар, атап айтқанда, 29-бап, 58-баптың екінші бөлігі және 59-бап ) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.