Елдің әуе кеңістігінде Мемлекет басшысының ұшағын Оман Сұлтандығы Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары алып жүрді.
Маскат халықаралық әуежайында Президентімізді Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен Сұлтандықтың жоғары лауазымды өкілдері қарсы алды.
Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне құрмет қарауылы сап түзеді. Мемлекет басшылары ресми делегация мүшелерімен амандасып, құрмет қарауылының алдынан өтті.
Әуежайдың Сұлтандық терминалында қысқаша әңгімелескеннен кейін Мемлекет басшылары бірге «Әл-Аълам» сарайына аттанды.