Бұл
туралы Қазақстанның “Zakon” порталына сілтеме жасаған “Дунё” АА хабарлады.
Ташкент
қаласында үш елдің су-энергетика кеңселерінің
басшылары арасында болып өткен келіссөздер қорытындысы
бойынша үшжақты хаттамаға қол қойылды. Онда екі ай үшін Тоқтоғул су шығару көлемдері мен режімдері бойынша
келісілген тәртіптер бекітілді. Шараға үш мемлекеттің энергетика
және су шаруашылығы салаларына жауапты министрліктері мен кеңселердің өкілдері қатысты.
Тараптар
вегетациялық кезеңде оңтүстік аумақтарды
жеткілікті көлемде сумен қамтамасыз ету басты мәселе екенін атап өтті. Олардың
пікірінше, аталған хаттамаға
қол қойылуы суару
маусымы басталған кезде тұрақты су жеткізілімін қамтамасыз етуге және Қазақстан
мен Өзбекстан фермерлері үшін қауіптерді
азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ
кеңселер басшыларының келесі кездесуі
маусым айының ортасында Бішкек қаласында өтетіні хабарланды. Онда
шілде–қыркүйек айларына арналған су жеткізу кестелері мен көлемдерін келісу
жоспарланған.
Хабарланғандай,
бұл келісімге дейін маусымаралық үйлестіру жұмыстары жүргізілген. Оның аясында
Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын жеткізген, бұл Тоқтоғұл су
қоймасындағы су қорын ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін сақтап қалуға
мүмкіндік берген.