— Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің
өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза табуына байланысты 2026
жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды,
— делінген хабарда.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспий теңізінде әскери
оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы хабарланған
болатын. Үш әскери қызметші құтқарылды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.
Қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып,
тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін анықтау үшін
үкіметтік комиссия құрылды.
Комиссия құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Көлік
министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ Шекара қызметінің
өкілдері кірген.
Каспий теңізінде қаза тапқан
әскери қызметшілердің саны 12 адамға жетті, тағы екі адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Kazinform.