Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Бәсекелестік комитеті мәлімдеді.

 

Комитет жүргізген талдау барысында кейбір операторлар мен провайдерлердің мобильді қосымшалары мен веб-сайттарында тұтынушылар үшін маңызды ақпараттардың толық орналастырылмағаны анықталған.

 

Атап айтқанда, тарифтер мен бағалар, қызмет көрсету шарттары, жария оферта және басқа да қажетті ақпараттар жеткілікті деңгейде ұсынылмаған. Сонымен қатар кейбір ақпараттардың мемлекеттік тілде берілмейтіні де анықталған.

 

Қазіргі уақытта Бәсекелестік комитеті стриминг, интернет және цифрлық телевидение қызметтерін көрсететін ұйымдардың мобильді қосымшалары мен веб-сайттарын зерттеп жатыр. Зерттеу барысында тұтынушыларға қажетті ақпараттардың толық ұсынылуы және олардың заңнама талаптарына сәйкестігі ашық дереккөздер негізінде талдануда.

 

Қызмет көрсетуші ұйымдарға мобильді қосымшалары мен веб-сайттарындағы ақпараттарды толық ұсыну және оларды заңнама талаптарына сәйкестендіру қажеттігі ескертілді.

 

Тұтынушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін info@raqobat.gov.uz және consumer@antimon.gov.uz электрондық пошта мекенжайларына жібере алады.

 

Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілетіні хабарланды.